16.04.2014, 20:04 3197

КО пайда болғаннан бері қатысушы-елдер импортына жыл сайынғы ҚСС өсімі байқалуда - Қаржы министрлігі

КО пайда болғаннан бері қатысушы-елдер импортына жыл сайынғы ҚСС өсімі байқалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Инуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. КО пайда болғаннан бері қатысушы-елдер импортына жыл сайынғы ҚСС өсімі байқалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Инуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

"КО пайда болғаннан бері Ресей мен Беларусь елдерінің импортына салынатын жыл сайынғы ҚСС өсімі байқалуда. 2013 жыл бойынша, ҚСС жалпы түсімі қатысушы-елдер тарапынан 367 млрд теңгені құрады. Ол 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 41 млрд теңгені құрады. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда түсім 42 млрд теңгені құрады", - деді И. Жұмаділдаев.

Импортқа келетін болсақ, оның айтуынша Кедендік одақ қатысушы- елдерінің импорты 2013 жылы 3 трлн 59 млрд теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 340 млрд теңгені құрады, 2012 жыл бойынша импорт көлемі 352 млрд теңгені құрап, 2 трлн 719 млрд теңгеге тиесілі болды.

"Сондай-ақ, заңды тұлғалардың саны да өсуде. 2013 жылы инвесторлардың саны 4737-ге жетті, ол 2012 жылмен салыстырғанда 423 адамды құрады", - деді Салық комитетінің төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны