27.03.2008, 15:47 2881

Көкөніс өнімдерінің реэкспортының мәселесін шешу қажет - Индустрия және сауда министрі

Көкөніс өнімдерінің реэкспортының мәселесін шешу қажет - Индустрия және сауда министрі

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан аймақтарына жеткізілетін көкөніс өнімдерінің реэкспортының мәселесін шешу қажет. Бұл туралы бүгін ҚР ауыл шаруашылық министрлігінде өткен коллегияда ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бірінші мәселе - бұл көкөністің реэкспорты... Бұл жерде бұл өнімнің шығарылу мекенінің сертификаты өзгертіліп, көп көлемде өнім бізден сыртқа тасымалданып, рээкспортталады. Оңтүстіктен жеткізіліп, сертификат өзгертіліп сыртқа жөнелтіледі", - деді В. Школьник.

"Бұл жерде баға өзгертіліп, басқа да мәселелер туындауда", - деп түсіндірді ол.

Министр жергілікті атқару органдарының бұл мәселеге ерекше назар аударуларын сұрады.

"Бұған назар аударуды сұраймын, өйткені бұл жағдаймен баға мәселесі туындауда", -деп атап өтті ИСМ басшысы.

Ауыл шаруашылық министрлігінің ДСҰ және өңдеу өндірісінің дамуы жөніндегі департамент директоры Айна Құсайынова атап өткеніндей, "Кедендік бақылау комитетінің экспорт және импорт көлемі бойынша берген мәліметтері күдік туғызуда".

"Бұл деректер бүгінгі нарықта орын алып отырған жағдайға сәйкес келмейді. Бұл өнімдердің ірі көлемі алыс шетелден әкелінеді. Қырғызстаннан рээкспортпен Қазақстанға жеткізіледі. Сондай-ақ, шегарада декларацияланбайтын импорттың жоғары үлесі ТМД елдеріне тиесілі ", - деп түсіндірді А. Құсайынова.

Осыған орай ол "тиісті құзырлы органдарға республикаға заңсыз жолмен жеткізілетін және сыртқа шығарылатын көкөніс өнімдеріне байланысты шараларды қолдануды сұрады ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны