05.05.2008, 12:12 1129

Көктемгі егіс науқанының қарқыны өткен жылғыдан жоғары

Көктемгі егіс науқанының қарқыны өткен жылғыдан жоғары

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Көктемгі егіс науқанының қарқыны өткен жылғыдан жоғары. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық жиыны кезінде ҚР Ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі күні республиканың барлық аймақтарында көктемгі -егістік жұмыстары жүргізілуде", - деді А. Күрішбаев.

"Облыс әкімдерінің мәліметтері бойынша, ылғалды сақтау үшін жерді тырмалау жұмыстары жоспарланған барлық алқаптарда жасалып, оның жүргізу қарқындылығы өткен жылғыдан үш есе жоғары. Алдын ала өңдеу жұмыстары алқаптардың 40% жасалып, көктемгі егістік жұмыстары аяқталуда ", - деп атап өтті ол.

Министрдің берген ақпараты бойынша, қазіргі кезде егістік жұмыстары Ақтөбе, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілуде. "Егістік жұмыстарының жылдамдығы өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары", - деп атап өтті А. Күрішбаев.

"Егістік алқаптары құрылымдарына алдын ала жасалған сараптама бойынша, өткен жылы отырғызылған егістіктермен салыстырғанда биылғы жылы бидай 573 мың гектарға, майлы дақылдар 97,8 мың гектарға, қант қызылшасы 5,6 мың гектарға, көкөніс бақша дақылдары 4,5 мың гектарға ұлғайтылды", -деді АШМ басшысы.

Министр атап өткеніндей, пісіп жетілуін тексеру үшін 2 млн тонна тұқым жеткізіліп, оның 98,5% тексеріліп, 98,4% жетілген деп танылды. "Сөйтіп, республика бойынша 98,4% тұқым пісіп жетілген ", -деп қорытындылады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны