17.04.2012, 13:43 3268

Көктемгі-далалық жұмыстарға дизиль отынының литрі 72 теңгеден сатылады

"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жеңілдікпен босатылатын көктемгі-далалық жұмыстардың легіне 2012 жылы мұнай өңдеу зауыттарынан тоннасына 86,7 мың теңге немесе литріне 72 теңгеден дизиль отыны босатылмақ", - делінген таратылған хабарламада.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - 2012 жылдың көктемгі-далалық жұмыстарына дизиль отынының литрі 72 теңгеден сатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы сейсенбі күні Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінде мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жеңілдікпен босатылатын көктемгі-далалық жұмыстардың легіне 2012 жылы мұнай өңдеу зауыттарынан тоннасына 86,7 мың теңге немесе литріне 72 теңгеден дизиль отыны босатылмақ", - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, ауылшаруашылығы өндірушілері үшін дизель отынының жалпы қажеттілігі 360 мың тоннаны құрайтындығы айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны