18.08.2006, 15:35 2993

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық заңнаманы орындау туралы талабы орындалмаған жағдайда Теңізшевройлмен соттасуға дайын

АСТАНА. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Егер экологиялық заңнаманы орындау туралы талабы орындалмаған жағдайда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Теңізшевройлмен соттасуға дайын. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін журналистерге берген сұхбатында атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Экологиялық мекеменің қоршаған ортаны қорғауға қатысты Теңізшевройлға қойған талабы орындалмаған жағдайда не істейтіндігі жөніндегі сауалға Нұрлан Ысқақов : "онда біз сот процессін бастаймыз",- деп мәлімдеді.

"Біз биылғы жылдың басында 47 кәсіпорынды жапсақ, қазір олардың саны 100-ден асты",- деді ол.

"Мұндай жағдайда жасалатын қадамдар өте қарапайым: бастапқыда айыппұл салынады, сосын сотқа жолданады. Бұдан кейін өзіміз берген рұқсаттың күшін жоямыз. Бұл шараның өзі әсер ете алмаған жағдайда, кәсіпорын соттың шешімімен жабылады",- деді министр.

Н.Ысқақовтың айтуынша, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Теңізшевройлмен арадағы келісім-шартын қайта қарау туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрлігіне өтініш жолдаған. "Министрлік әзірге бізге жауап берген жоқ. Бірақ біз өз тарапымыздан сауалды төтесінен қойып отырмыз. Теңізшевройл еліміздің экологиялық заңнамасын жыл сайын дерлік бұзады",- деді Н.Ысқақов. "Сол себепті де біз Теңізшевройлмен арадағы келісім-шартын қайта қарау туралы хат жолдадық. Өйткені, бұдан басқа шаралар нәтиже бермеді",- деді ол.

Н.Ысқақовтың айтуынша, "келісім-шарты экологиялық талаптарды күшейту жағына қарай қайта қаралуға тиіс. Демек, кәсіпорын экологиялық нормативтерге қатаң бағынуы шарт".

"Министрлік қазір "ҚазМұнайГаз", "Қазақойл-Ақтөбе", "PetroKazakhstan" компанияларына да талап қоюда. "Біз үшін компания шетелдік пе, әлде отандық па бәрібір, ешкімге артықшылық берілмейді. Өкінішке орай, бізде әсіресе мұнай саласында лас жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылар көп. Рұқсат алғаннан кейін шын мәнісінде шектен шығып кететіндері баршылық",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны