15.04.2013, 13:55 5463

Қостанай 2013 жылы капиталға инвестиция тарту көлемін арттырмақ

Бұл туралы облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы облыс бойынша инвестиция көлемі 161,4 млрд теңгені құраған, бұл 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 7,1% жоғары. Сонымен қатар, республикалық көлемде облыстың үлесі небары 3%.

Қостанай. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Қостанай облысының билігі 2013 жылы капиталға инвестиция тарту көлемін 200 млрд теңгеге дейін арттырмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы облыс бойынша инвестиция көлемі 161,4 млрд теңгені құраған, бұл 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 7,1% жоғары. Сонымен қатар, республикалық көлемде облыстың үлесі небары 3%.

"Сол себепті басшылық 2013 жылы облыс экономикасына инвестиция тарту көлемін 200 млрд теңгеге дейін жеткізу міндетін қойып отыр", делінген хабарламада.

Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін биыл ресейлік және беларустік кәсіпорындармен бірлескен кәсіпорындарды құру жұмыстарын жүргізу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны