07.12.2011, 17:34 3518

Қостанай ірі сүт фермасы пайдалануға берілді - баспасөз баяны

Облыстың Денисовка ауданында орналасқан ферма 1250 бас ірі қараға есептелген. "Жобаның бірінші кезеңінде "Сарыағаш" ЖШС-де сиыр қора мен сүт сауу залы ең соңғы заманауи техникалармен жарақталды. 2012 жылы екінші кезеңін іске қосу кезінде екінші сиыр қора мен төлдейтін орындар салынбақ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қостанай облысында жалпы құны 955 миллион теңге болатын "Сарыағаш" ЖШС жобасы Үдемелі индустриялдық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның қаржыландыруымен жүзеге асты.

Облыстың Денисовка ауданында орналасқан ферма 1250 бас ірі қараға есептелген. "Жобаның бірінші кезеңінде "Сарыағаш" ЖШС-де сиыр қора мен сүт сауу залы ең соңғы заманауи техникалармен жарақталды. 2012 жылы екінші кезеңін іске қосу кезінде екінші сиыр қора мен төлдейтін орындар салынбақ", - делінген баспасөз хабарламасында.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ аталмыш жобаны агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында қаржыландырды.Жалпы бүгінгі уақытқа дейін компания 16 ірі тауарлы сүт фермасына 13 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Соның ішінде 14 жоба іске қосылды және қазіргі кезде сәтті жұмыс жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны