24.01.2014, 20:21 9564

Қостанай облысына асыл тұқымды сүтті малдың жаңа түрі әкелінді

Қостанай облысында алғаш рет "Қаратомар" асыл тұқымды сүтті малдың жаңа түрі әкелінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Қостанай облысында алғаш рет "Қаратомар" асыл тұқымды сүтті малдың жаңа түрі әкелінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Заречное" ЖШС, "К.Маркс атындағы" ЖШС, "Шеминовка" ЖШС, "Викторовское" ЖШС. "Тұрар" ЖШС мен өзге де шаруашылықтар базасына алғаш рет "Қаратомар" асыл тұқымды сүтті малдың жаңа түрі әкелінді", - делінген хабарламада.

Қостанай мал шаруашылығы лабораториясының меңгерушісі Виктор Поповтың айтуынша, жаңа тұқым мол сүт беруімен, салмағының ауырлығымен және асырау мен бағуда ортаға оңай үйренісіп кететіндігімен ерекшеленеді. Аталмыш жаңа тұқымды түлікті бағу ҚР селекциялы жетістіктерінің мемлекеттік реестріне енгізілген. Бұл 2013 жылдың 26 қарашасында құрылған болатын.

Айта кету керек, Т.Б.Сартанов, В.И.Двуреченский, А.И.Гринц, В.П.Попов, А.А.Төреханов, Ж.С.Сүленов, Г.Т.Кузьменко, Ю.Б.Чеховский, И.М.Вечтейн, Г.Ж.Абдрахманов, А.Т.Болатов, Н.И.Апенько авторлар құқы "Қостанай ауылшаруашылығы" ЖШС патенті иесінің жетістіктер селекциясы тарапынан құрылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны