01.07.2009, 17:39 2889

Қостанай облысында коммуналдық қызмет тарифтері көтерілді

Қостанай облысында коммуналдық қызмет тарифтері көтерілді

Қостанай. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында бүгіннен бастап коммуналдық қызмет тарифтері көтерілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облыстық департаменті директорының орынбасары Татьяна Титова хабарлады.

"Біз монополистерге тарифтерін төтенше реттеу шарасы ретінде көтеруге мәжбүр болдық. Басты себеп: электр қуаты, көмір және газ секілді стратегиялық тауарлар құнының көтерілуі", - деді Т. Титова.

Оның хабарлауынша, жаңа тарифке сәйкес қостанайлықтар газға айына 289,04 теңге, ал есептегіш құрал бойынша 1 текше метрі үшін 17,21 теңге төлейтін болады. Баға 18,3% көтеріліп отыр. Электр қуатының тарифі 1 кВт/сағ үшін 9,392 теңге, ал жылу құны 1 шаршы метр үшін 122,73 теңге болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны