02.04.2009, 18:25 3063

Қостанай облысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру есебінен мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу жұмыстары аяқталды

Қостанай облысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру есебінен мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу жұмыстары аяқталды

Қостанай. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру есебінен мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ-ның Қостанай облыстық өкілдігінің директоры Боранбай Кеңесбаевқа сілтеме жасап.

"Бүгінгі күні облыстағы ауылшаруашылығының тауарын өндірушілермен барлық көлемге шарт жасалды, астық күзде алынады. 1 гектарға 14 800 теңге көлемінде екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен қаржы бөлінді", - деді Б. Кеңесбаев.

Оның айтуынша, 2009 жылғы тұқым себу науқанын тұқымдық материалмен қамтамасыз ету үшін Қостанайдағы өкілдік 17 729,6 тонна көлемінде тұқымдық ссуда алуға өтініш қабылданды, бұл - мемлекеттік тұқым ресурсының жалпы көлеміне тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны