09.12.2011, 16:25 3257

Қостанай облысында ССТӨБ жаңа технологиялық секциясы ашылды

"Сіздің тапсырмаңызды орындай отырып, Қостанай облысында 24,6 млрд теңгенің 28 жобасы жүзеге асты. Бүгін жаңа бір кәсіпорын - Соколов-Сарыбай тау-кен бірлестігінің 17-і металлургиялық секциясы ашылғалы отыр. Жоба құны 7,5 млрд. теңге. Жобаны жүзеге асыру өңірдің ғана емес, елдің де әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Ресей мен Қытайға экспорттық өнімдер бағытталатыны көзделеді", - деді жобаны таныстырған облыс әкімі Сергей Кулагин.

Қостанай. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде телекөпір арқылы Елбасы Н.Назарбаев Қостанайдағы Соколов-Сарыбай комбинатының жаңа секциясын іске қосты., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіздің тапсырмаңызды орындай отырып, Қостанай облысында 24,6 млрд теңгенің 28 жобасы жүзеге асты. Бүгін жаңа бір кәсіпорын - Соколов-Сарыбай тау-кен бірлестігінің 17-і металлургиялық секциясы ашылғалы отыр. Жоба құны 7,5 млрд. теңге. Жобаны жүзеге асыру өңірдің ғана емес, елдің де әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Ресей мен Қытайға экспорттық өнімдер бағытталатыны көзделеді", - деді жобаны таныстырған облыс әкімі Сергей Кулагин.

Осы ретте Соколов-Сарыбай комбинатын жаңа табысымен құттықтаған Елбасы Н. Назарбаев, нысанның аса қажетті екендігін атап өтті. "Бұнда шығатын қосымша құны жоғары өнімге риза болатынымыз белгілі. Табыс тілеймін. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын. Іске қосуға рұқсат беремін", - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны