27.12.2017, 21:11 5331

Қостанай облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ 45 000 клиенті мемлекет сыйлықақысын алады

2017 жылдыӊ нәтижесінде Қостанай облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ 45 000 клиенті мемлекет сыйлықақысын алады

Қостанай. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Осы жылы Қостанай облысында 45 000 адам мемлекет сыйлықақысын алады. Бұл - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салым ашқан аймақ тұрғындарыныӊ саны. Олардыӊ 13 000-ы келісім-шартты 2017 жылы ресімдеген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қостанай облыстық филиалы қызметініӊ жыл қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында филиал директоры Дәурен Саудабаев осы және басқа да деректер туралы айтып өтті.

- Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдар бойынша 13,3%-ға дейін баратын еӊ тиімді мөлшерлеме ұсынып отыр. 2%-дық негізгі мөлшерлемесі бар депозит бойынша мұндай табыс дәл осы 20% көлеміндегі мемлекеттіӊ сыйлықақысы есебінен қалыптасады. Ол 200 айлық есептік көрсеткіштен, басқаша айтқанда 453 800 теӊгеден аспайтын сома бойынша есептеледі. Яғни жыл бойы біздіӊ клиент осындай сома жинаса не оны бірден шотына салса, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша 90 760 теӊгеге теӊ еӊ үлкен сыйлықақыны алады, - деп түсіндірді Дәурен Саудабаев

Жыл ішіндегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозитінде жиналған ақша 200 АЕК-тен жоғары болса, мемлекеттік сыйлықақы есептелмеген салым сомасыныӊ бөлігі келесі жылы сыйлықақы тағайындаларда ескерілетін болады.

2017 жылы аймақта 8,5 млрд теӊгеге заем алған 1354 азамат тұрғын үй жағдайын жақсарта алған.

- "Нұрлы жер" бағдарламасында алты бағыт қарастырылған. Олардыӊ көпшілігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ қатысуымен жүзеге асырылуда. Шаршы метрі 115 000 теӊгеден басталатын қолжетімді үй алу үшін бірінші кезекте банк салымшысы атанып, шотқа 30% көлеміндегі еӊ төменгі алғашқы жарна жинауы керек. Бұл жағдайда мемлекеттік бағдарлама қатысушысы жылдығы 5% болатын жеӊілдетілген заем ала алады. Осыныӊ алдында мұндай пайызбен несие алу үшін тұрғын үй құныныӊ 50%-ын жинау керек болатын, - деп Дәурен Саудабаев мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп берді.

- "Нұрлы жер" аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асырып отырған негізгі бағыт - "Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын жүргізу". Ол бойынша жергілікті атқарушы органдар мердігер құрылыс ұйымдарын іздеп, тауып, бағасы төмен, бірақ жайлы үй салады. Аймақтардағы тұрғын үйдіӊ 1 шаршы метр құны 140 000 теӊгеден аспауы керек. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, өз кезегінде, азаматтарға жеӊілдетілген бағамен баспаналы болуға көмектеседі.

- "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында "Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын жүргізу" бағыты бойынша 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ 617 салымшысы баспаналы болды (оныӊ 390-ы банк салымшысы, 227-сі әкімдікке кезекке тұрып, содан кейін барып шот ашқандар). Келесі жылы облыстыӊ 1817 тұрғыны қоныс той тойлайды деп жоспарланып отыр.

Жылжымайтын мүлік нарығында жекеменшік құрылыс компанияларыныӊ тарапынан болатын қолжетімді ұсыныс санын арттыру үшін "Нұрлы жер" бағдарламасы "Жеке құрылыс салушылардыӊ тұрғын үй салуын ынталандыру" бағытын қарастырады. Ол жекеменшік құрылыс компанияларына екінші деӊгейлі банктер беретін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қарастырады. Аталған бағыт бойынша облыстық филиал 90 пәтерге өтінім қабылдады, қазіргі уақытта төлем қабілеттілігін бағалау жұмыстары аяқталуда, ал алда пәтерлерді бөлістіру күтеді. Құрылыс салушы - "БК-Строй" ЖШС.

"Нұрлы жердіӊ" "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" атты пилоттық бағыты аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ аймақтағы 12 салымшысы Қостанай ауданы, Северный ықшам ауданында салынған үйлердіӊ иесі атанды. Олардыӊ барлығы жер телімін алу үшін жергілікті әкімдікте кезекте тұрған. Кезектері келіп жеткенде мемлекет бұл салымшыларға тиесілі 10 сотық жерді тегіп беріп, ол жерге үй салып берген. Үйді тұрғындар жеӊілдетілген бағамен сатып алды. "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ шарттары бойынша, тұрғын үйдіӊ 1 шаршы метр құрылысы бағасы 120 мыӊ теӊгеден аспауы тиіс.

Жер телімінен үміткер коттеджді өз қаражаты есебінен сатып ала алмаса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеӊілдетілген заем ресімдеді. Ол үшін оған үй құныныӊ 30%-на теӊ ақша жинау керек. Мұндай жағдайда банк клиенті жылдығы 5% болатын қолжетімді несие ала алады.

Қазақстандықтар "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында салынып жатқан барлық нысандар туралы baspana.kz сайтына кіріп біле алады. Бұл портал баспана таӊдау ыӊғайлы, ал тұрғын үйді бөлістіру процесі ашық және айқын болсын деп арнайы әзірленген. Мұнда қолжетімді шаршы метрлерден үміткер адам пәтер алғысы келетін қаладан пәтер таӊдап, қандай нысандар салынып жатқанын қарап, өтініш қабылданып-қабылданбайтынын анықтап, ұнатқан пәтерін таӊдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінім бере алады. Нысан бойынша өтінімдерді қабылдау құрылыстыӊ аяқталуына бірнеше ай қалғанда басталады. Пулға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ барлық клиенттері қатыса алады, алайда тұрғын үйді мемлекеттік бағдарлама талаптарына барынша сай келетін және еӊ жоғары балл санын жинаған азаматтар алады. Балл саны клиенттіӊ депозитті қаншалықты жиіі толықтырып тұрғанына және салымныӊ мерзіміне тәуелді. Яғни шот неғұрлым ерте ашылып, уақтылы толықтырып отырса, балл да соғұрлым жоғары болады. Ұпайды арнайы бағдарлама есептейді, бірде-бір адам оған әсер ете алмайды, процесс барынша автоматтандырылған және айқын жүреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны