09.02.2012, 10:51 4481

Қостанайда күнбағыс майын шығаратын зауыт іске қосылды

"Бүгінгі күні Молдовадан арнайы әкелінген жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында біз алдағы уақытта сапалы да дәмді күнбағыс майын алатын боламыз. Қойылған жабдықтар орташа өнім береді деп күтілуде. Тәулігіне зауыт жиырма тонна дәнді өңдей алады, ал жылына ол - 3600 тонна", - деді В. Федин.

Қостанай. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Қостанайда күнбағыс майын шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "BNews.kz" ақпарат агенттігіне "Қостанай май зауыты" ЖШС директоры Виктор Федин хабарлаған.

"Бүгінгі күні Молдовадан арнайы әкелінген жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында біз алдағы уақытта сапалы да дәмді күнбағыс майын алатын боламыз. Қойылған жабдықтар орташа өнім береді деп күтілуде. Тәулігіне зауыт жиырма тонна дәнді өңдей алады, ал жылына ол - 3600 тонна", - деді В. Федин.

Оның айтуынша, бұл инвестициялық жоба, құны 100 млн теңге тұрады. қазірдің өзінде облыстық Индустриалдандыру картасына енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны