17.07.2012, 16:54 3101

ҚР АШМ ағымдағы жылдың егін жинау науқанына әзірлікті бастап кетті - баспасөз баяны

2012 жылдың астық жинау науқанына арналған баспасөз-турының шеңберінде лауазымды тұлғалар "Кенесары-Астық" ЖШС, "Agrimer-Astyk" ЖШС, "RazGrain - Nrade" ЖШС және "Есіл-Агро" ЖШС-ларын аралады.

ҚР АШМ мен Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері облыстың бірқатар ауылшаруашылық нысандарын аралады

2012 жылдың астық жинау науқанына арналған баспасөз-турының шеңберінде лауазымды тұлғалар "Кенесары-Астық" ЖШС, "Agrimer-Astyk" ЖШС, "RazGrain - Nrade" ЖШС және "Есіл-Агро" ЖШС-ларын аралады.

АШМ биылғы жаздың құрғақтығына қарамастан, орташа есеппен 8,7 центнер/гектар өнімділікпен 14 млн. тонна шамасында астық жиналады деп күтуде.

Бұл туралы баспасөз-туры барысында журналистерге Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Мүсілім Өміряев мәлімдеді.

"Солтүстік өңірлерде (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) орташа есеппен 8,7 центнер/гектар өнімділікпен 11,4 млн. тонна шамасында астық жиналады, батыс, орталық және шығыс өңірлерде (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары) 6,3 ц/га өнімділікпен 1,4 млн. тонна, ал оңтүстік өңірде 13,2 ц/га өнімділікпен 1,2 млн. тонна өнім аламыз", - деді М. Өміряев.

"Биыл 12 шілдедегі деректер бойынша егіс алқабының 5845,9 мың гектары, яғни 36,5 пайызы жақсы, 8597,4 мың гектар немесе 53,7 пайызы қанағаттанарлық, 1502,6 гектар, яғни 9,4 пайызы нашар жағдайда, ал 0,4 пайызын дереу "құтқару" керек", - деп атап өтті министрдің орынбасары.

Қазіргі уақытта батыс пен оңтүстік облыстардың ауыл шаруашылық қожалықтары астық жинау науқанына кірісіп кетті. 13 шілде күнгі деректерге сәйкес, 122,4 гектардың астығы жиналып, 9,8 ц/га өнімділікпен 120,3 мың тонна астық қамбаға құйылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны