17.01.2008, 11:49 1555

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі республикада дәнді дақылдардың табыстылығының екі есе өскенін атап өтті

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі республикада дәнді дақылдардың табыстылығының екі есе өскенін атап өтті

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда дәнді дақылдардың табыстылығы былтыр екі есеге жуық өсті. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа отырысында аталмыш министрліктің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Дәнді дақыл өнімінің өсуі сатылу көлемінің және тиісінше саланың табыстылығының артуына ықпал етті", - деп атап көрсетті А. Буць.

Ол 2006-2007 маркетинг жылында астық пен ұн экспортының аса жоғары көлеміне - 9 млн тоннаға қол жеткенін, сол себепті Қазақстан жан басына шаққанда ұн экспорты және бидай өнімі жөнінен дүниежүзінде бірінші орынға шыққанын еске салды. "Өткен жылы астық пен ұнды экспортқа шығарудан шамамен 1,5 млрд АҚШ доллары түсті. ал орташа табыстылық деңгейі 1,7 есе артты", - деді А. Буць.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны