15.01.2009, 12:21 1692

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі авиаотын бағасының көтерілуіне қатысты тексеру жүргізеді

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі авиаотын бағасының көтерілуіне қатысты тексеру жүргізеді

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне авиаотын бағасының көтерілуіне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды. Ол ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстанда алғаш рет авиаотын құны Еуропалық деңгейден асып жығылды", - деді өз баяндамасында ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов.

Оның пікірінше, елде авиаотын өндіру көлемін арттырып, оған баға түзу тетіктерін дәйектеу қажет.

"Мен осы мәселе бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне тексеру жүргізіп, маған баяндауды тапсырамын. Бізде керосин бағасы еуропалық орташа бағадан қалайша жоғары болмақ? Не себепті олай?", - деп сауал тастады премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны