01.03.2010, 15:51 3101

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Кар-Тел" және GSM Қазақстан компанияларына 1,5 млрд теңгенің айыппұлын салды

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Кар-Тел" және GSM Қазақстан компанияларына 1,5 млрд теңгенің айыппұлын салды

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі ұялы байланыс операторларына жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша "Кар-Тел" және GSM Қазақстан компанияларына қатысты әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі басқармаларының 2010 жылдың 26 ақпанында өткен 13-ші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кар-Тел" ЖШС өзінің нарықтағы басымдық ахуалын асыра пайдаланып, төлем әрекетінің уақытын шектеуге бағытталған заңда жоқ шара енгізу арқылы тұтынушылардың заңды құқығын бұзған. "Қазақтелеком" АҚ-ның "GSM Қазақстан" ЖШС "Демалыс күндері" топтамасының аясында жалған жарнама таратты деп айыпталуда",- делінген мекеменің хабарламасында.

"Екі жағдайда айыппұл көлемі - 1,5 млрд теңгені құрады. Іс материалдары сотқа жіберіледі",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны