06.08.2009, 13:12 3081

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі мұнай мен жанар-жағармайдың экспорттық кедендік баж салығын өсіруді ұсынады

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі мұнай мен жанар-жағармайдың экспорттық кедендік баж салығын өсіруді ұсынады

Алматы. 6 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі мұнай мен жанар-жағармайдың және дизельдік отынның экспорттық кедендік баж салығын өсіру жөнінде үкіметке ұсыныс жолдады. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында мекеменің ақпараттық басқармасының бастығы Жандос Нұрмахамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мұнай мен жанар-жағармайдың қазір қолданылып отырған экспорттық кедендік баж салығы (тоннасына - $59,87) экспорттаушы компанияларды оның ішкі нарыққа сатуға мүдделі болуын қамтамасыз ете алмайды", - деді Ж. Нұрмахамбетов.

"РФ ашық түсті мұнай өнімдерінің экспорттық кедендік баж салығын ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап тағы да өсірді", - деді ол.

"Осыған сәйкес монополияға қарсы күрес органы мұнай мен жанар-жағармайдың және дизельдік отынның экспорттық кедендік баж салығын өсіру жөнінде үкіметке ұсыныс жолдады", - деді Ж. Нұрмахамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны