29.12.2008, 13:15 3213

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде 2008 жылы 116 сот талқылаулары өтті

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде 2008 жылы 116 сот талқылаулары өтті

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде 2008 жылы 116 сот талқылаулары өтті. ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Борис Парсегов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Биыл ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің орталық органы мен оның аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен 116 сот талқылаулары өтті, соның ішінде монополияға қарсы органдардың бастамасымен 44 шағым, ал монополияға қарсы органдардың үстінен 72 шағым түсірілді.

"14 іс сот шешімін шығармай тоқтатылса, 11 іс талқылану үстінде. Қалған 91 іс бойынша 63 жағдайда монополияға қарсы органның пайдасына шешім шығарылған, бұл 69,2%-ға тең, 28 сот талқысы бойынша орган жеңіліс тапты, бұл 30,8%-ға тең", - деді Б. Парсегов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны