14.07.2008, 17:48 3003

ҚР ЭМРМ ішкі нарыққа жіберілетін дизельдік отын көлемін ұлғайтуға болады деп сенеді

ҚР ЭМРМ ішкі нарыққа жіберілетін дизельдік отын көлемін ұлғайтуға болады деп сенеді

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев ішкі нарыққа жіберілетін дизельдік отын көлемін ұлғайтуға болады деп сенеді. Мұндай пікірді ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ай сайын орта есеппен 340 мың тонна дизельдік отын өндіріледі, оның 130 мың тоннасын біз білгіленген бағаға ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне жіберуге міндеттіміз, 70 мың тоннаға жуығы - ҚТЖ сұранысын өтейді ( "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ). Сөйтіп, еркін нарыққа ай сайын небәрі 140 мың тоннасы қалады, бірақ, бұл көлемді біз ұлғайтуға талпынамыз", - деді С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны