04.05.2006, 12:01 3082

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Транскаспий газ құбырын салу жөніндегі жобаны Еуропалық комиссияның қарауына ұсынбақшы

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Транскаспий газ құбырын салу жөніндегі жобаны энергетика мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссияның қарауына ұсынып, оны қаржыландыруға Еуропалық Одақты қатысуға шақырмақшы. Бұл туралы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін энергетика мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссияның комиссары Андрис Пибалгспен кездесу барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ол осы орайда Қазақстанның қазір Қазақстан-Изербайжан-Грузия- Түркия-Еуропа арасында газ тасымалдайтын жаңа бағытты ашу мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде А.Пибалгс энергетика мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссия "Транскаспий газ құбырын салу жөніндегі жобаны қолдауға дайын" екенін мәлімдеді. Өйткені бұл бағыт еуропалықтар үшін газ жеткізетін қосымша көзге айналса, Қазақстан үшін ол экспорттық бағыттарды әртараптандыру болып табылады.

"Еуропаға дәстүрлі газ тасымалдаушы елдер -Ресей, Алжир және басқа да елдермен арадағы біздің ынтымақтастығымыздың аясы кеңейе түскен күннің өзінде біз төртінші траспорттық дәліз құру идеясын қолдаймыз және бұрын-соңды болмаған бұл бағытқа бетбұрыс жасауды қалаймыз",- деді А.Пибалгс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны