14.01.2014, 19:40 5205

ҚР интерконнект ставкасы кезекті рет төмендетілді

Нәтижесінде 2010-2012 жылдар аралығында ұялы байланыс операторларымен келісім бойынша интерконнект ставкасы 19,98 теңгеден 15,3 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілген.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қатысуымен ұялы байланыс операторларының арасында 2012 жылдың желтоқсанында бекітілген интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі меморандумның шеңберінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасы 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді.

Интерконнект - операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект ставкасы бір оператордың басқа операторға өз абонентінің желіден тыс қоңырау шалғанда сөйлесудің әрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды.

Интерконнект ставкасын төмендету нәтижесінде ұялы байланыс қызметтері нарығында бәсекелестік дамиды және әртүрлі ұялы байланыс операторларының абоненттері арасындағы сөйлесудің түпкі тарифтері арзандайды деп күтілуде.

2010 жылдың сәуірінде Байланыс және ақпараттандыру комитеті ұялы байланыс операторларына өздерінің тарифтік саясатын қайта қарастыруға ұсыныс жасағанын және де Операторлар Кеңесінде 1999 жылдан бері өзгеріске жатпаған интерконнект ставкасын қайта қарастыруға шешім қабылданғанын еске салған жөн.

Нәтижесінде 2010-2012 жылдар аралығында ұялы байланыс операторларымен келісім бойынша интерконнект ставкасы 19,98 теңгеден 15,3 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілген.

Сонымен қатар, 2012 жылдың желтоқсанында ұялы байланыс операторлары үш жыл ішінде жыл сайын 15%-ға интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі меморандумға қол қойған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны