18.06.2009, 14:19 2719

ҚР қаржы министрі "БТА Банктің" сыртқы қарызын қайта құрылымдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 тамызы екенін растады

ҚР қаржы министрі "БТА Банктің" сыртқы қарызын қайта құрылымдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 тамызы екенін растады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев "БТА Банктің" сыртқы қарызын қайта құрылымдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 тамызы екенін растады. Бұл туралы ол бүгін парламент сенатының жалпы отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазір "БТА Банк" бойынша сыртқы кредиторлармен арада сыртқы қарызды қайта құрылымдау бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сыртқы қарызын қайта құрылымдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады деп жоспарланған", - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, қайта құрылымдау аяқталған соң "банктің төлемдік қабілеті арта түседі, және үкімет бұдан кейін де бастапқыдағыдай банкті стратегиялық инвесторға ұсыну мақсатын іске асырмақ ниетте".

"Бұл шаралардың барлығы да қаржылық тұрақтылықты сақтауға және банктің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Тиісінше, бұл банктің барлық кредиторларының мүддесін қорғайды", - деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны