12.02.2010, 18:35 3957

ҚР Қаржы министрлігі бұған дейін қол қойылған Өзара өнім бөлісу туралы келісімдерді ағымдағы салық режиміне көшіру туралы ұсыныстарды 1 сәуірге дейін енгізуге тиіс

ҚР Қаржы министрлігі бұған дейін қол қойылған Өзара өнім бөлісу туралы келісімдерді ағымдағы салық режиміне көшіру туралы ұсыныстарды 1 сәуірге дейін енгізуге тиіс

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі бұған дейін қол қойылған Өзара өнім бөлісу туралы келісімдерді ағымдағы салық режиміне көшіру туралы ұсыныстарды 1 сәуірге дейін енгізуге тиіс. Бұл туралы бүгін "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Салық комитеті бірлесе отырып, Қазақстанның Кеден одағына кіруіне орай салық салу және кеден әкімшілігі мәселелеріне арналған бас қосуда ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, қазір бұған дейін қол қойылған Өзара өнім бөлісу туралы келісімдерге талдау жасалуда. "Келісім-шарттардың өздерінің рәсімделуіне қатысты, жекелеген шарттардың жалпы жасалу заңдылығына қатысты сауалдар бар. Қазір біз жұмыс істеп жатырмыз", - деді Д. Ерғожин.

"Біз жер қойнауын пайдалануға қатысты жекелеген шарттарға математикалық талдау жасадық, соның ішінде нақты айтсақ, Өзара өнім бөлісу туралы келісімдер аясында жұмыс істейтіндері үшін қазір бұрынғыдан гөрі ағымдағы заңнама аясында жұмыс істеу тиімдірек", -деді ол.

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы Салық комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Кеден одағына кіруіне орай салық салу және кеден әкімшілігі мәселелеріне арналған іс шара ұйымдастырды.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы тауар айналымын көбейтуге, еркін тауар айналымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ үшінші елдермен кеден одағына мүше-мемлекеттерінің саудасына қолайлы жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы үш мемлекетінің құрамындағы кеден одағы жұмыс жасай бастады.

Еркін сауданы қалыптастыру жобасы және оны іске асыру мемлекетіміздің басшысының бастамасы болып табылады.

Үш елдің үкімет басшылары өткен жылдың желтоқсан айында кеден одағында өзара саудада жанама салықтарды алуды реттейтін халықаралық шарттарға қол қойды, сол шартқа сәйкес 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап, жанама салықтарды алу функциясы кеден органдарынан салық органдарының құзырына өтеді.

Кедендік одақ шеңберінде РФ-нан және БР-нан қазақстандық салық төлеушілермен тауар әкелу кезінде кедендік ресімдеулер болмайды, әртүрлі алымдар алынбайды (қазір кедендік жүк декларациясының негізгі бетінің "бағасы" - 50 евро және оған қосымша әр беттің бағасы - 20 евро).

Қазіргі уақытта ҚР аймағына импортталатын тауарлар еркін айналымға шығару құқығы жанама салықтарды төлегеннен кейін ғана шығарылса, ал 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап, импорттаушы салық төлеуші Қазақстан аймағына тауарларды еркін әкеле және өткізе алады.

Сонымен қатар, жанама салықтарды төлеу әкелген айдан кейінгі, келесі айдың 20-на дейін жүргізіледі.

Қазіргі уақытта келесідей ұйымдастыру іс - шаралары жүргізілуде, яғни: салық заңнамасын, кеден одағының шеңберінде келісілген халықаралық шарттарға сай келтіру үшін, жұмыс тобы жұмыс жүргізуде. Жұмыс тобы көрсетілген жұмысты аяқтап, жақын уақытта бизнес-қоғамдастығына әзірленген заң жобасын талқылауға шығарады; ҚР ҚМ Салық комитеті РФ және БР салық органдарымен өзара ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру бойынша жұмысын бастады; ҚР ҚМ Салық комитетімен кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бойынша арнайы бөлімшелер республикадағы барлық салық органдары деңгейінде құрылатын болады.

Ұлттық экономиканың даму көрсеткішін арттыруды және дүниежүзілік бәсекеге төтеп беруді мақсат ететін Кеден одақтың қалыптасып, нәтижелі жұмыс жүргізу деңгейіне жеткенше мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасында талқыланып шешілуі тиіс мәселелер туындауда.

Кеден одағының әлеуетін кеңінен пайдаланып, жан - жақты дамытуды көздейтін жиында төменде көрсетілген мәселелер талқыланбақ: кедендік бақылау мен рәсімдеу жұмыстарын оңтайландыру, сыртқы экономикалық қызметті дамыту, транзиттік тасымал тарифін қалыптастырудың нақты тетіктері, кеден салығы мәселелері, сонымен қоса Кеден одағына кіруде байланысты жанама салықтар - қосылған құн салығы және акциздер т.б. Сонымен қатар жиын барысында бір жыл бұрын қабылданған салық кодексінің нәтижелері талқыланды.

Жиынға ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин, "Атамекен" Одағы" төрағасы Азат Перуашев, Кеден комитеттерінің басшылары, мемлекеттік орган өкілдері және еліміздегі ұлттық компаниялар мен ірі бизнес - қауымдастықтар жетекшілері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны