30.11.2007, 11:26 2618

ҚР Қаржы министрлігі ренттік салықтың орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық салуды ұсынады - Ерғожин (толықтырылған нұсқа)

ҚР Қаржы министрлігі ренттік салықтың орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық салуды ұсынады - Ерғожин (толықтырылған нұсқа)

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігі ренттік салықтың орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық салуды ұсынады. Бұл туралы бүгін қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Салық кодексіне кезекті өзгертулерді енгізу арқылы республиканы оған тиесілі шикізат базасынан түсетін тұрақты кіріспен қамтамасыз етуді ұсынып отырмыз", -деді Д. Ерғожин.

"Біз тиісті өзгерістердің жобасын жасадық. Ол бойынша соңғы есептерді аяқтап келеміз. Ағымдағы айда біз оны үкіметтің қаруына ұсынамыз деп ойлаймын, ал келесі жылдың бірінші тоқсанында ол парламенттің талқысына түседі",- деді вице-министр.

Оның түсіндіруінше, әңгіме ренттік салықтың орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу жайында болып отыр. "Қазіргі таңда жалпы салықтардың арасынан ренттік салық пен роялти секілді салықтардың іс жүзінде төленбей отырғанын айтып отырмыз", - деді Д. Ерғожин.

"Бұл жұмыс істемейтін салық, ол солай конструкцияланды. Ниет жақсы болғанымен, іс жүзінде керісінше болып шықты", - деді вице-министр.

"Кез-келген экономикадағыдай біз ренттік пайда табуға тиіспіз. Ал қазіргі минералдық шикізатқа әлемдік бағаның өсуі жағдайында біз оны ең жоғары деңгейде табуға тиіспіз",- деп санайды вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны