22.12.2009, 18:38 3318

ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті келесі жылы алкогольдік өнімдерге жаңа есептік-бақылау маркаларын енгізбекші

ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті келесі жылы алкогольдік өнімдерге жаңа есептік-бақылау маркаларын енгізбекші

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті келесі жылы алкогольдік өнімдерге жаңа есептік-бақылау маркаларын енгізбекші. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2010 жылы алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу үшін жаңа қорғаныс түрлерімен қорғалған жаңа есептік-бақылау маркаларын енгізу көзделіп отыр", - деді Д. Ерғожин.

Атап айтсақ, оның айтуынша, "қаржы полициясымен бірлесе отырып "Иннова" ЖШС-інде алкогольдік өнімдерді заңсыз өндіру мен есептік-бақылау маркаларын қолдан жасайтын цех анықталды". "Мемлекетке кәсіпорын тарапынан келтірілген шығын көлемі 200 млн теңгеден асады, қазір бұл сома өндіріп алынуда", - деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе отырып "БМ" ЖШС этил спиртін заңсыз өндіретіндігі мен басқа да көптеген квалификациялық талаптарды бұзу оқиғалары анықталды. "Мемлекетке "БМ" ЖШС келтірген шығын көлемін біз 4 млрд 19 млн теңгеге бағаладық", -деді ол.

"Аталған кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылды, қозғалған қылмыстық істердің шеңберінде тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Д. Ерғожин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны