30.06.2018, 12:20 7665

ҚР- ҚХР арасындағы шекаралық өткелде құжаттарды өӊдеу 30 есе жылдам жүреді

- Бұрын Алтынкөлге жүк туралы ақпарат 30-40 секундта келсе, енді бір секундте түседі. Осылайша, құжаттарды ресімдеу мерзімі отыз есеге қысқарды",- дейді Алтынкөл станциясыныӊ бастығы Жандос Ұнтақбаев.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытайдыӊ түйісетін тұсындағы Алтынкөл мен Қорғас бекеттерінде мыс сымдар ағытылып, оптикалық талшықты желіге қосылды. Бұл өз кезегінде Қытайдан келетін жүктердіӊ ілеспе құжаттарын контейнерлік ресімдеуді жеделдете түсті.

- Бұрын Алтынкөлге жүк туралы ақпарат 30-40 секундта келсе, енді бір секундте түседі. Осылайша, құжаттарды ресімдеу мерзімі отыз есеге қысқарды",- дейді Алтынкөл станциясыныӊ бастығы Жандос Ұнтақбаев.

Алтынкөл мен Қорғас арасында ақпарат тәулік бойы тоқталыссыз жүргізіледі. Контейнерлік пойыз әлі Қытайда жүргенде оныӊ ілеспе құжаттары Алтынкөл станциясында электронды түрде әзір тұрады. Бір контейнерлік пойыздыӊ құжаттарын ресімдеу мен өӊдеуге 3 сағат 55 минут кетеді.

Ж. Ұнтақбаевтыӊ айтуынша, жыл басынан бері Еуропаға 3730 ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) вагоннан тұратын 64 контейнерлік пойыз жіберілді. Оныӊ сыртында, Германияға (654 ЖФЭ) 12 пойыз, Польшаға (1996 ЖФЭ) 32 пойыз, сонымен қатар Финляндия, Словакия, Австрия, Венгрияға жіберілді.

Орталық Азияға 247 пойыз өтті. Олар негізінен, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстанға бет алды. Парсы шығанағына бағдар игерілді.

Қазақстан аумағымен Иран бағдарына 346 ЖФЭ бес пойыз өткізілді.

Биылғы жыл басынан бері 25582 ЖФЭ вагонды 316 пойыз қабылданды. Салыстырмалы түрде, өткен жыл ішінде барлығы 39604 ЖФЭ вагондарымен 421 пойыз Қазақстан аумағымен өткен болатын.

Алтынкөл станциясы техникалық мінездемесіне орай, тәулігіне 20 пойыздыӊ жүгін өӊдей алады.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны