02.10.2012, 17:32 3655

ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚМГ БӨ және "Эмбімұнайгаз" келісім шарттарға енгізілетін толықтыруларға қол қойды

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (бұдан былай "ҚМГ БӨ" немесе "Компания") мына келісім-шарттарға толықтыруға қол қойылғанын хабарлайды.

Астана. 2-қазан. Kazakhstan Today - ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚМГ БӨ және "Эмбімұнайгаз" келісім шарттарға енгізілетін толықтыруларға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (бұдан былай "ҚМГ БӨ" немесе "Компания") мына келісім-шарттарға толықтыруға қол қойылғанын хабарлайды:№37 Кенбай кеніші; № 61 Оңтүстік-шығыс Новобогатинское; № 211 Ботахан, Мақат, Доссор, Таңатар, Қамысты және т.б. - барлығы 23 кеніш; № 413 Прорва, Құлсары, Қаратон, Қосшағыл және т.б. - барлығы 15 кеніш; № 327 Тайсойған кеніші; № 992 Батыс Новобогатинское кеніші. Бұл толықтыру ҚР Мұнай және газ министрлігі, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ және "Ембімұнайгаз" АҚ арасында жасалды.

Толықтырудың негізгі мақсаты 2012 жылдың 1 қазанынан бастап Атырау облысында орналасқан кен орындарын игеру құқын "Ембімұнайгаз" АҚ-на тапсыру. Аталған кен орындарынан мұнай өндіру "Ембімұнайгаз" АҚ-ның негізгі пайда көзі болып табылады. Кен орнын өз еркінше игеру "Ембімұнайгаз" АҚ -ның өндірістік-шаруашылық жұмысқа қажетті шешімдерді тез арада қабылдауына жағдай тудырып, компания менеджментінің жауапкершілігін арттырады және корпоративтік басқарудың заманауи талаптарына сай жүргізілуін, компанияның жариялылығын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, 19.09.2012 ж. "Ембімұнайгаз" АҚ Директорлар кеңесі Атырау облысындағы кен орындарын игеру туралы келісім-шарттарды ҚМГ БӨ-ден қабылдап алу туралы шешім қабылдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны