24.01.2014, 20:00 5371

ҚР Өңірлік даму министрі Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

Министр болған Зачаган кентінде үш бірдей 75 пәтерлік тұрғын үйге пәтер иелері алдағы наурызға қарай қоныстанбақ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің айтуынша, "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына сәйкес биыл өңірде 14 көппәтерлік және ауылдарда 24 бір пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілмек.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысы барысымен танысты, деп ӨДМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Министр алдымен "СВ Плюс" ЖШС-ның үй құрылысы комбинатында болды. Аталмыш кәсіпорын жылына 70 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қоса алатын үй құрылысы комбинатын өткен жылдың жазында пайдалануға берген болатын", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде кәсіпорын қалаға қарасты Зачаган кентінде "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына сәйкес құрастырмалы-монолитті екі үйді салуға кіріскен.

Болат Жәмішев тұрғын үй салу ғана емес, оны жобалау кезінде де жаңа технологияларды қолдану қажеттігін атап көрсетті. Осы мақсатта белоруссиялық жобалау институттарын тартуға, басқа да шетелдік тәжірибені пайдалануға болады.

Министр болған Зачаган кентінде үш бірдей 75 пәтерлік тұрғын үйге пәтер иелері алдағы наурызға қарай қоныстанбақ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің айтуынша, "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына сәйкес биыл өңірде 14 көппәтерлік және ауылдарда 24 бір пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілмек.

Жалпы, кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшін жалгерлік үй құрылысына барлығы 1823 млн. теңге қажет, оны құрылыс компаниялары жыл аяғына дейін толық игере алады.

Сондай-ақ, энергетика саласындағы шешілуі тиіс мәселелер, атап айтқанда, облыс орталығындағы жылу, сумен қамту нысандарын қайта құруға республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу, Орал жылу-электр орталығына газ құбырын тарту және басқалары министрдің қатеріне берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны