29.01.2015, 14:39 4274

ҚР парламентшілері БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанныӊ кандидатурасын жылжыту үшін Германияға барды

ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары - ҚР Президентініӊ Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселері жөніндегі Арнайы өкілі Дариға Назарбаеваныӊ төрағалығымен парламентшілердіӊ Германия мен Лихтенштейн Княздігіне жұмыс сапары басталды

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары - ҚР Президентініӊ Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселері жөніндегі Арнайы өкілі Дариға Назарбаеваныӊ төрағалығымен парламентшілердіӊ Германия мен Лихтенштейн Княздігіне жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапардыӊ негізгі мақсаты - Германия Канцлері А.Меркельге 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанныӊ кандидатурасын жылжыту жөніндегі Елбасыныӊ Жолдауын тапсыру, сондай-ақ екі ел арасында парламентаралық ынтымақтастықтыӊ жай-күйін және болашағын талқылау болып табылады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сол күні Дариға Назарбаева Берлинде Бундестаг Төрағасыныӊ орынбасары Йоханнес Зингхаммермен және Берлин Сенатыныӊ спикері Ральф Виландпен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздіӊ күн тәртібінде Қазақстан мен Германияныӊ парламентаралық байланыстарын нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастыӊ жоғары деӊгейін атап өтті. Іс-шара қорытындысында Берлин Сенатында қазақстандық делегацияныӊ басшысы астаналық Парламенттіӊ "Құрмет кітабына" естелік жазба қалдырды, деп хабарлады Мәжіліс.

2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіндегі орынға Қазақстан сұранымыныӊ мәнмәтінінде жан-жақты ынтымақтастық сұрақтарды талқылау мақсатында Д.Назарбаева ГФР Сыртқы істер министрлігініӊ статс-хатшысы Маркус Эдерермен және Ғаламдық мәселелер бойынша Федералдық үкіметтіӊ уәкілі Патриция Флормен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында осы орынға сайлану халықаралық күн тәртібінде еӊ жауапты және күрделі телімдерде қомақты тәжірибе жинаған Қазақстанныӊ сыртқы саясатыныӊ еӊ маӊызды мақсаттарыныӊ ішіне кіретіндігі аталып өтілді.

Д. Назарбаева 2017-2018 жылдары біздіӊ еліміздіӊ кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздігі Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне жылжыту жөніндегі Елбасыныӊ ГФР-дыӊ Федералдық Канцлері А.Меркельге арнаған Жолдауын тапсырды.

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-германдық Іскер кеӊесініӊ басшылары мен өкілдері, сондай-ақ неміс парламентініӊ мүшелері "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты Елбасыныӊ Жолдауындағы Қазақстанныӊ жаӊа экономикалық саясатыныӊ тиімділігіне жоғары баға берді.

Сонымен қатар, ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Германияныӊ жетекші экономикалық бірлестіктерініӊ басшыларымен және Бундестаг депутаттарымен, Орталық Азия - Германия парламенттік тобыныӊ мүшелерімен кездесу өткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны