15.02.2016, 13:48 3408

ҚР Премьер-Министрі ағымдағы аптаныӊ барысында бюджетке түзетулерді даярлауды тапсырды

"Алдағы сейсенбіде қабылдау үшін осы аптадағы мақсат - бюджетке өзгертулерді даярлау. Яғни бұл жұмыстар қаржыныӊ барынша тезірек экономикаға бағытталуы үшін қажет", - деді К. Мәсімов Үкімет отырысында.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ағымдағы аптаныӊ барысында бюджетке түзетулерді даярлауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұндай шаралар жақында өткен кеӊейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысыныӊ берген тапсырмалары аясында атқарылмақ, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Алдағы сейсенбіде қабылдау үшін осы аптадағы мақсат - бюджетке өзгертулерді даярлау. Яғни бұл жұмыстар қаржыныӊ барынша тезірек экономикаға бағытталуы үшін қажет", - деді К. Мәсімов Үкімет отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет Мемлекет басшысыныӊ 2016 жылғы 10 ақпандағы Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарын әзірледі. Дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар 4 бағыт бойынша қалыптастырылды.

Аталған бағыттардыӊ біріншісі ақша-несие саясатыныӊ тиімділігін арттыру және қаржылық тұрақтылықты қолдауға негізделген.

Екіншісі, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде экономиканы қолдау жөніндегі шараларды кеӊейтуді көздейді.

Үшінші бағыт шағын және орта бизнесті және экономиканыӊ негізгі салаларын қолдауға арналса, ал төртіншісі - іскерлік белсенділік пен халықты жұмыспен қамтуды қолдауды қарастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны