21.02.2014, 19:20 9278

ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы өкілдерімен кездесу өткізді

Кездесуді қортындылай келе, Премьер-Министр кеңесте көтерілген мәселелердің өте маңызды екенін және Үкіметтің барлық ұсыныстарды мұқият қарайтынын атап көрсетті.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы өкілдерімен кездесу өткізді.

Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлағандай, кездесуге орталық атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық валюта бағамына түзетулер енгізуге байланысты, кәсіпкерлік саланы дамытудың көкейкесті мәселелері талқыланды.

Кеңесте ҰКП комитеттері мен салалық қауымдастықтар басшылары сөйледі. Өткізілген диалог барысында тараптар экономиканың басым салаларында одан әрі макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша пікір алмасты.

Кездесуді қортындылай келе, Премьер-Министр кеңесте көтерілген мәселелердің өте маңызды екенін және Үкіметтің барлық ұсыныстарды мұқият қарайтынын атап көрсетті.

"Барлық мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады, оның көпшілігі бойынша біз кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен кеңесетін боламыз",-деді С.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны