25.06.2010, 11:22 2291

ҚР Президенті Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегін іске қосу рәсіміне қатысты

Н. Президент биылғы жылы Қазақстанда жалпы құны 800 миллиард теңгеден астам 144 индустриалдық және инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы аяқталатынын атап өтті. Аталған жобаларды іске асыру 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Павлодар. 25-маусым. Kazakhstan Today ҚР Президенті Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегін іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Н. Президент биылғы жылы Қазақстанда жалпы құны 800 миллиард теңгеден астам 144 индустриалдық және инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы аяқталатынын атап өтті. Аталған жобаларды іске асыру 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Павлодарда Президент өнімділігі жылына 125 мың тонна болатын "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ-ның екінші кезегін іске қосу рәсіміне қатысты. Оның іске қосылуымен кәсіпорын жобалық қуаты жылына - 250 мың тонна алюминий өндіретін болады.

Мемлекет басшысы технологиялық операцияларды тиімді реттеуге, электролиздердің, газ тазалау қондырғыларының, құю цехының және жәрдемші объектілердің жұмыс өлшемдеріне үздіксіз сараптама жасауға мүмкіндік беретін жаңа өндірістің жаңа технологиялық процесімен танысты.

Салтанатты іс-шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев соңғы он жылдың ішінде ТМД елдері арасында тек Қазақстан ғана осындай ауқымды металлургиялық өндірісті іске қосқанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны