03.04.2015, 19:46 4611

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиевтыӊ қатысуымен "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты шеӊберінде электр энергетикасы саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру" тақырыбында брифинг өтті.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта ҚР Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастамасымен Қазақстанда еліміздіӊ инфрақұрылымдық даму жоспары негіз болып табылатын "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты жүзеге асып жатқаны белгілі. Аталған бағдарламалық құжатта Мемлекет басшысы энергетиктер үшін "Екібастұз-Семей-Өскемен" және "Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма" бағыттарында жоғары вольттық желілер салу міндетін белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл тапсырма тікелей "KEGOC" АҚ-ныӊ қызмет аясына жатады. Аталған екі желі 2014 жылы іске асырыла бастаған "Солтүстік-Шығыс-Оӊтүстік транзитініӊ 500 кВ-тық ИЖ салу" ауқымды жобасыныӊ құрамдас бөліктері болып табылады.

Жоба бойынша жалпы ұзындығы 1700 км-ден асатын жоғары вольттық 500 және 220 кВ электр жеткізу желілері (олардыӊ ішінде 500кВ - 1500км және 220кВ - 200км) мен қуаты 500 кВ "Семей", "Ақтоғай" және "Талдықорған" үш жаӊа қосалқы станцияларыныӊ құрылысы қамтылады. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 1150кВ "Екібастұз", 500кВ "Алма", 500кВ "Өскемен" және 220 кВ "Шүлбі ГЭС" АТҚ қосалқы станцияларын кеӊейту жоспарланып отыр.

Бұл жағдайда 500 кВ "Екібастұз - Шүлбі-ГЭС (Семей) - Өскемен" желілерін пайдалануға беру Солтүстік-Шығыс қимасында электр желілерініӊ өткізу қабілетін арттырады, Шығыс Қазақстан облысыныӊ Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін электр энергиясын тасымалдау схемасына тәуелділігіне қарамастан осы өӊірдіӊ энергия тапшылығын өтеуді және контрреттеуіш - Бұлақ ГЭС-ті іске қосқан кезде Шүлбі ГЭС-інен (ШГЭС) толық қуат беруді қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта 429 металл тірек орнатылды, 130 км сым жинақталды. 500 кВ "Семей" қосалқы станциясыныӊ (ҚС) құрылысы басталды, онда коммутациялық жабдық монтаждалып, қосалқы ғимараттар салынуда. Осы жылы тағы да 200 км желі салынып, "Семей", "Өскемен" және "Екібастұз" қосалқы станцияларында жабдықтарды монтаждау жоспарланып отыр.

Екінші жоғары вольттық 500 кВ "Шүлбі ГЭС (Семей)-Ақтоғай-Талдықорған-Алма" желісін салу Ұлттық электр торабыныӊ (ҰЭТ) Қазақстанныӊ Солтүстік-Оӊтүстік бағытындағы транзиттік әлеуетін арттыруға, теміржолдардыӊ, тау-кен өнеркәсібі саласындағы энергияны көп қажет ететін объектілердіӊ электрлендірілген учаскелеріндегі электр энергиясына деген сұранысты өтеуді қамтамасыз етуге, шекара маӊындағы аумақтарды дамытуға жағдай туғызу және жаӊартылатын энергияныӊ әлеуетін кеӊінен арттыруға, сонымен қатар Шығыс аймақтыӊ Қазақстанныӊ Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта трассаларды таӊдап, келісу жұмыстары және 500кВ ИЖ трассалары мен қосалқы станциялардыӊ алаӊдары бойынша инженерлік зерттеулер жүргізілуде, объектілердіӊ жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ағымдағы жылы 500кВ "Талдықорған-Алма" ИЖ учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Тұтастай алғанда, жалпы құны 120 млрд. теӊгені құрайтын "500кВ Солтүстік-Шығыс-Оӊтүстік" ИЖ-ні салу" жобасы 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Жобаныӊ әлеуметтік маӊызы да зор. Құрылыс кезінде 1800-ден астам жаӊа жұмыс орны ашылады, ал аяқталғаннан кейін аталған желіде 97 адам жұмыс істейтін болады.

Аталған жобаны жүзеге асыру мемлекет сұранысына сәйкес KEGOC-тыӊ Қазақстан БЭЖ-ніӊ сенімді жұмысы мен тиімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жүйелі жұмыстардыӊ жалғасы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны