09.11.2015, 19:11 4235

ҚР ҰЭМ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатып алуға жеӊілдіктер қарастыруда

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатып алуға 10 жылға бөліп төлеумен кадастрлық құнынан 50% көлемінде жеӊілдік қарастырылған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатып алуға 10 жылға бөліп төлеумен кадастрлық құнынан 50% көлемінде жеӊілдік қарастырылған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз жер сатып алуға ынталандырамыз. Яғни, бұл құнынан 50% жеӊілдік, 10 жылға бөліп төлеу болмақ", - деді Қ.Өскенбаев.

Бүгінгі таӊда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердіӊ 97,4 млн га немесе 98,8% ұзақ мерзімге жалға берілген және тек 1,2% ғана жеке меншікте.

"Біз жоспарлы бағасын бердік, кадастрлық құн бойынша ол 1 трлн 200 млрд теӊгені құрады, егер 50 пайызын алатын болсақ, ол 500-600 млрд теӊгеге 10 жылдық бөліп төлеуге теӊ болмақ", - деп баса айтты ол.

Оныӊ айтуынша, Солтүстік Қазақстанда жер телімдерін сатуда қиындықтар туындайды.

"Кейбір өӊірлерде кадастрлық құны аз дейді. Мысалға, Алматы облысында. Нарықтық құны әлдеқайда жоғары. Солтүстік өӊірлер бойынша массивтер өте үлкен, жер сатып алуды ынталандыру бойынша басқа тетік ойлап табу қажет болуы мүмкін", - деп нақтылады ол.

Вице-министр айтып өткендей, жердіӊ кадастрлық құны артпайды.

Қазақстан Республикасы Парламентініӊ Сенаты "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын қабылдады. Заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды, оларды жеке меншікке табыстаудыӊ жаӊа тетіктерін енгізу жолымен қамтамасыз ету болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны