25.06.2018, 21:46 3473

ҚР ҰЭМ басшысы ел тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы ведомствоныӊ есебін таныстырды

ҚР ҰЭМ басшысы Қазақстанныӊ 2017 жылғы экономикалық дамуы жаӊа тіршілікке бейімделу кезеӊінен өткендігін және 4%-ды құрай отырып, орта әлемдік өсу қарқынын басып озғандығын еске салды. Бұған қоса, өсімніӊ үштен екісі шикізатсыз сала арқылы қамтамасыз етілді.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомствоныӊ халық алдындағы дәстүрлі есеп беруі барысында өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен министрліктіӊ 2018 жылғы жоспары туралы баяндады.

ҚР ҰЭМ басшысы Қазақстанныӊ 2017 жылғы экономикалық дамуы жаӊа тіршілікке бейімделу кезеӊінен өткендігін және 4%-ды құрай отырып, орта әлемдік өсу қарқынын басып озғандығын еске салды. Бұған қоса, өсімніӊ үштен екісі шикізатсыз сала арқылы қамтамасыз етілді.

Министрліктіӊ өткен жылғы маӊызды міндеттерініӊ бірі ретінде министр ауқымды құжат - Қазақстан Республикасыныӊ 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуді атады. Қазіргі уақытта Министрлік қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды Стратегиялық жоспардыӊ басым бағыттарына сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету де министрліктіӊ өткен жылғы басым бағытына жатады.

"Осы мақсатта инфляциялық үдерістерді реттеу және мемлекеттік қаржыныӊ тұрақтылығын нығайту бойынша міндеттер кешені іске асырылды. Баға келісімін және негізсіз өсімді болдырмау мақсатында әлеуметтік маӊызды тауарлар нарығын тұрақты мониторингілеу мен талдау жүргізілді. Бұл жұмыстардыӊ қорытындысында монополияға қарсы заӊнама аясында тиісінше жауап қату шаралары қабылданды", - деді Т.Сүлейменов.

2017 жылы сондай-ақ бизнесті одан арғы қайта реттеу бойынша жүйелік шаралар жүргізіліп, бұлар биыл қабылданған кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселесі жөніндегі Заӊныӊ негізін құрады.

Экономикаға қосымша инвестицияларды тарту үшін МЖИ құралдарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды.

2017 жылы балабақша, жатақхана, емхана, дәрігерлік-отбасылық амбулатория, көше жарығы, ТКШ бойынша жаӊа типтік құжаттама енгізілді. Бұл МЖИ-ні пайдалану арқылы 193,4 млрд. теӊгеге 172 шарт жасауға мүмкіндік берді. Бұл барлық алдыӊғы жылдарға қарағанда, 8 есе көп.

Сондай-ақ министрлік өӊірлердіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық даму орталықтарын, келешегі бар моно- және шағын қалалар мен ауылдарды, оныӊ ішінде тірек ауылдық және шекара маӊындағы елді мекендерді дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асырды.

ДСҰ аясында 2017 жылы халықаралық экономикалық ыннтымақтастықты дамыту аясында 50 хабарлама қаралды және жолданды, 25 халықаралық ережені ішкі қазақстандық нормалармен үйлесімділікте әзірлеуге қатысу мақұлданды. ЕАЭО аясында 2017 жылы бірқатар маӊызды құжаттар қабылданды. Олардыӊ қатарында 2025 жылға дейінгі ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асырудыӊ негізгі бағыттары, 2018-2019 жылдарға арналған ЕАЭО ішкі нарығындағы шегерімдер мен шектеулерді жою жөніндегі жол картасы және т.б. құжаттар бар.

Биыл министрліктіӊ алдында макроэкономикалық тұрақтылық пен экономиканыӊ тұрақты өсімін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті, бәсекелестікті және жеке капиталды дамыту; сондай-ақ мемлекеттіӊ ел экономикасына қатысуын қысқарту міндеті тұр. МЖИ дамыту, өӊірлік даму міндеттері бұрынғыдай өзекті болып қала бермек.

Министр кездесу барысында залда отырған адамдардыӊ сұрақтарына да, сондай-ақ селекторлық байланыс арқылы өӊірлерден жолданған, әлеуметтік желі қолданушылары қойған сауалдарға да жауап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны