17.02.2017, 21:57 6575

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті картельдік сөз байласу туралы хабарлауды сұрайды

Осыған байланысты, картельдік сөз байласуды анықтау бойынша жұмысты күшейту мақсатында Комитеттіӊ сайтында - www.kremzk.gov.kz "Картель туралы хабарла!" атты баннер орналастырылды.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті картельдік сөз байласу туралы хабарлауды сұрайды,- деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ баспасөз қызметі.

Монополияға қарсы комитет картельдіӊ қоғамдық қауіпті әрекет болып табылуына байланысты (оныӊ ішінде, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалардыӊ негізсіз өсуіне әкеп соғуы мүмкін), барлық азаматтардыӊ назарын құқық бұзушылық белгілеріне аударады, себебі монополияға қарсы ведомство қызметкерлері үшін тергеп-тергеуді бастау негіздерініӊ бірі жеке және заӊды тұлғалардыӊ өтініші (шағымы) болып табылады.

Егер мұндай келісімдер бағаларды (тарифтердi) белгiлеуге, сауда-саттықта бағаларды өсіруге, сауда-саттық пен аукциондардыӊ қорытындыларын бұрмалауға, тауар нарығын бөлуге, тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға, шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғуы мүмкiн болса, нарық субъектілері - бәсекелестер арасындағы деӊгейлес келісімдер картель деп танылады

Осыған байланысты, картельдік сөз байласуды анықтау бойынша жұмысты күшейту мақсатында Комитеттіӊ сайтында - www.kremzk.gov.kz "Картель туралы хабарла!" атты баннер орналастырылды.

Осы бөлімде картель туралы жалпы ақпарат, құқықтық база және т.б. орналастырылды, сондай-ақ кері байланыс нысаны әзірленді, картельдік сөз байласу белгілерін көрсететін материалдарды жіберуге болатын электрондық мекенжай мен факс көрсетілді.

Осыған байланысты, адал кәсіпкерлер мен белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарды картельдік сөз байласудыӊ барлық өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз. Бұл мемлекет көздеген бәсекелестік негізде әділдікті қалпына келтіруге және тауар нарықтарыныӊ жұмыс істеуі мен оларды дамытуды қолдауға жәрдемдеседі. Саламатты бәсекелес орта тауарлардыӊ түр-түрін, әртүрлі және қолжетімді бағаларды, сондай-ақ лайықты сапаны білдіретіні белгілі.

"Бұл туралы монополияға қарсы органға бірінші хабарлаған және сөз байласуға өзініӊ қатысуын тоқтату бойынша жедел шаралар қабылдаған, тұтынушыларға келтірілген зиянныӊ орнын ерікті түрде толтырған нарық субъектісі - картельге қатысушы әкімшілік жауапкершіліктен толықтай босатылатынын атап өтеміз",- делінген мекеме таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны