16.01.2008, 19:43 2848

ҚР үкімет басшысы АШМ " Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" заңын қабылдау қажеттігін қарастыруды тапсырды (толықтырылған нұсқасы)

ҚР үкімет басшысы АШМ " Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" заңын қабылдау қажеттігін қарастыруды тапсырды (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 16 қаңтар. "Қазақтан Бүгін" - ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР ауыл шаруашылық министрлігіне елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңының қажеттігін қарастыруды тапсырды. Мұндай тапсырманы ол бүгін ауыл шаруашылық министрлігінің коллегиялық отырысында берді, деп хабарлайды агентік тілшісі.

"Бізге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде заңынын қажеттілігі жөнінде мәселесін қарастыру туралы тапсырмасын беріп отырмын", - деді К. Мәсімов.

"Менің пікірімше, біздерге мұндай заң қажет, егер біз осындай шешімді қабылдайтын болсақ, онда депутаттарды бұл мәселеде біздерді қолдауын сұраймыз ", - деп жалғастырды ол өз сөзін.

"Түрлі бағалардың ауысуынан біздің тұрғындарымыздың зардап шегуіне жол бермейміз ", - деді заң жобасын дайындау қажеттігін айтқан премьер-министр.

"Біз елдің ішкі нарығында бірінші кезекте қажетті өнімдер мен тауарларды өндіріп, оны толық қамтамасыз ету арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін деңгейге жеткізуіміз қажет. Біз тұрғындарға негізгі азық- түлікті өздеріміз шығара алатын жағдайымыздың барына кепілдік беріп, сенімді болуымыз керек", - деп атап өтті үкімет басшысы.

"2007 жылы бидайдың тұрақты қорын құру тәжірибесіне қарап, басқа азық-түлік түрлерінің қорларын құрудық қажеттілігі бар сияқты", - деп қорытындылады К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны