12.12.2016, 15:53 4071

ҚР Үкіметі отырысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаныӊ негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары туралы есептер тыӊдалды

Мысалы, Алматы қаласыныӊ әкімдігі өткен жылдыӊ желтоқсан айында тұрақтандыру қорына 14 млрд теӊге бөлген. Аталған сомадан 13,4 млрд теӊгесі әлі күнге дейін депозитте жатыр. Сөйте тұра, Алматыда азық-түлік өнімдеріне бағалар жыл басынан бері 8,4% өскен.

Астана. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қарастырылды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бөлшек және көтерме саудадағы әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті сауда бағаларыныӊ көлемін заӊды түрде бекітуді ұсынып, оларға сауда нысаны санатына байланысты жекедара қарау қажеттігі туралы баяндады.

Шекті сауда бағалары негізінде ай сайын "ұсынылатын бағалар" есебі жүргізілетін болады деп күтілуде, ол ашық түрде жарияланады.

Аталған жаӊашылдықтар сатушылар үшін де, тұтынушылар үшін де бағаныӊ құралуын ұғынықты етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Ұсынылатын бағалар" туралы ақпараттыӊ қолжетімділігі халықтыӊ басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағаныӊ "ұсынылатын бағаларға" сәйкессіздігін анықтауға, сол арқылы әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаны реттеудіӊ тиімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарына сауда желілері мен сауда нысандарында тауардыӊ қолжетімділігіне мониторинг жүргізу құзыретін беру және тауарлардыӊ қолжетімділігін шектеу белгілері анықталған жағдайда ол туралы монополияға қарсы органға хабарлау мүмкіндігін беру ұсынылды.

Үкімет тұрақтандыру қорларыныӊ азық-түлік өнімдерініӊ бағасын тежеудегі жұмысыныӊ тиімсіздігін айтты.

Кезекті Үкімет отырысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдеріне бағаныӊ көтерілуін болдырмау шаралары қарастырылды.

"Жалпы алғанда, аймақтар бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылды, оныӊ жекелеген түрлері бойынша жұмыстар күшейтілді. Атап айтқанда, өткізілетін жәрмеӊкелер саны артты. Мәселен, қыркүйек айынан қараша айына дейінгі кезеӊде 1 493 жәрмеӊке өткізілді, оларда 9,1 млрд теӊге сомасына азық-түлік өнімдері сатылды. Ал 2015 жыл ішінде олардыӊ саны 3 500 ғана болған. Соған қарамастан, аймақтардағы тұрақтандыру қорлары тиімсіз жұмыс істеуде", - деді өз баяндамасында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.

Спикердіӊ айтуынша, жағдайда талдау арқылы бірқатар мәселелер айқындалды. Мәселен, тұрақтандыру қорына бөлінген қаражаттыӊ бір бөлігі көбіне депозиттерде жатады. Бұл ұсынылған слайдта көрсетілген. Жекелеген аймақтар бойынша депозиттер көлемі бөлінген қаражаттыӊ жартысынан асады.

Осыған байланысты дебиторлық қарыздыӊ аса көп болуы назар аудартады, жекелеген жағдайларда ол 90% дейін жетеді.

Қ. Айтуғановтыӊ пікірінше, аталған мәселелер еӊ алдымен тиімсіз менеджменттіӊ салдары болып табылады.

Мысалы, Алматы қаласыныӊ әкімдігі өткен жылдыӊ желтоқсан айында тұрақтандыру қорына 14 млрд теӊге бөлген. Аталған сомадан 13,4 млрд теӊгесі әлі күнге дейін депозитте жатыр. Сөйте тұра, Алматыда азық-түлік өнімдеріне бағалар жыл басынан бері 8,4% өскен.

"Тұрақтандыру қорларыныӊ жұмысыныӊ айқын жоспарын құру қажет, онда нені, кімнен, қашан сатып алу, қайда сақтау, қандай уақыт аралығында сату мәселелері айқындалуы тиіс. Алайда аймақтарда тетіктерге жеткілікті түрде көӊіл бөлінбейді, мұндай жоспарлар құрылмайды. Нәтижесінде тұрақтандыру қорлары тұрақты жұмыс істемейді", - деп атап өтті бірінші вице-министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны