06.02.2014, 22:42 3003

ҚР Үкіметінің басшысы ИЖТМ мен ЭБЖМ-не "Қазгеология" АҚ қызметін күшейту мәселесін дайындауды тапсырды

Оның айтуынша, үш жыл бұрын құрылған "Қазгеология" Ұлттық компаниясы қазіргі таңда тиімді құзіретке ие емес. "ИЖТМ ЭБЖМ-мен біріге отырып ҚР геологиялық барлау саласының әлемдік деңгейге көтеру үшін "Қазгеология" АҚ қызметін күшейту мәселесін дайындауы керек", - деді Үкімет басшысы.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Астанада Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ҚР Үкімет басшысы ИЖТМ мен ЭБЖМ-не "Қазгеология" АҚ қызметін күшейту мәселесін дайындауды тапсырды.

"Біздің қазір тау-кен кодексін дайындау қажеттілігін терең түсіну керек. Осы бағытты көре білу тұжырымдамасы мен ұғымы керек. 1 шілдеге дейін тұжырымдаманы Үкіметке өткізуді тапсырамын. Сонымен қатар, бірінші жартыжылдық соңына дейін сирек метал түрлерін дайындау мен геологиялық барлауды дамытуды қосып тау-кен өндірісі секторының салаларын дамытудың тиісті жоспарын енгізуді тапсырамын", - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, үш жыл бұрын құрылған "Қазгеология" Ұлттық компаниясы қазіргі таңда тиімді құзіретке ие емес.

"ИЖТМ ЭБЖМ-мен біріге отырып ҚР геологиялық барлау саласының әлемдік деңгейге көтеру үшін "Қазгеология" АҚ қызметін күшейту мәселесін дайындауы керек", - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, С.Ахметов әр жобаның іске асырылуындағы жекелеген жауапкершіліктерді еске салды.

"Индустрияландыру картасына енгізіліуі үшін әр жобаны жеке-жеке қарап шығу керек. Кезең-кезеңімен таңдап алу керек. Жайдан жай Индустрияландыру картасына жобаларды енгізе салу деген болмайды. Жергілікті жерлердегі әкімдіктер мұны нақты түсініп, әр жобаның іске асырылуында жауапкершілікті көтерулері керек. Мемлекет басшысы өңдеуші сектордың дамыту қажеттілігін айтқан еді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны