06.09.2016, 18:20 5511

ҚР ҰКП: Қазақстан 3 әлеуетті өнім өткізу нарығын анықтады

Қазақстан әлеуетті 3 өнім өткізу нарығын анықтады. Ол Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Иран, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да "Атамекен" басқарма төрағасыныӊ орынбасары Төлеміс Шотанов.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан әлеуетті 3 өнім өткізу нарығын анықтады. Ол Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Иран, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да "Атамекен" басқарма төрағасыныӊ орынбасары Төлеміс Шотанов.

"Біз өзіміз үшін өз өнімізді жіберетін нарықты анықтадық. Біз бірегей жағдай жасап, кәсіпорынды 15 минут ішінде тіркей аламыз, барлық әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз. Өнімді жіберетін нарық болмаса бизнес тұрып қалады. Сондықтан өзіміз үшін сараптама жасап, 3 әлеуетті нарықты анықтадық. Бұл ҚХР, РФ және Иран үшін де мүмкіндігіміз ашылды", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, аталмыш нарықтар халқыныӊ шоғырлануына орай Қазақстан үшін басым болып келеді.

Сондай-ақ, "Атамекен" палатасы басқарма төрағасыныӊ орынбасары Нұржан Илтаев агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына түзету енгізу қажеттігін айтты.

"Ауыл шаруашылығындағы өнімніӊ дәстүрлі түрлері бойынша экспортқа басымдық берген жөн. Ішкі сұранысқа құрылған импорт алмасу аз пайда әкеледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ негізгі түрлерін өндіру көлемін арттыру қажет. Аталған тауарларды саудалаудан түсетін ортақ экспорттық табыс 2 есеге өседі (1,8 трлн теӊге). Бұл дегеніӊіз, барлық Қытай агроөнімдері импортыныӊ 6,3 пайызы немесе Ресей импорты құныныӊ 7,4 пайызы. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға және Ресейге жеткізетін 10 экспорттаушы елдіӊ қатарына кіре аламыз", - дейді Нұржан Илтаев.

Палата өкілі Ресей мен Қазақстан нарығы өте ұқсас екенін айтады. Солтүстік көршімізге көкөніс тауарларын апарып сатқан дұрыс деп отыр.

"Ресей біздіӊ Еуразиялық одақтағы әріптесіміз. Шекара жағынан еш қиындық жоқ. Бұл жерде тек бір мәселе бар. Екі елдіӊ экономикасы өте ұқсас. Біз шығарған өнімді Ресей де шығарып жатыр. Тек көкөніс және тамақ өнеркәсібі бойынша Ресей нарығына шыға аламыз. Қазіргі кезде оӊтүстіктегі жылыжайлардыӊ барлығы өнімдерін Ресейге өткізіп жатыр. Олар өздері алып кетіп жатыр", - дейді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны