08.07.2009, 17:49 2650

ҚР Ұлттық банкі банк заңнамасын бұзған жеке тұлғалардың жүктейтін жауапкершілігін қатайту қажет деген пікірде

ҚР Ұлттық банкі банк заңнамасын бұзған жеке тұлғалардың жүктейтін жауапкершілігін қатайту қажет деген пікірде

Алматы. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкі банк заңнамасын бұзған жеке тұлғалардың жүктейтін жауапкершілігін қатайту қажет деген пікірде. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ұлттық банк басшысы еске салып өткендей, "мемлекет басшысы еліміздің дағдарыстан кейінгі қаржылық жүйесінің кескін-келбеті қандай болатындығы жөнінде концепциялық құжат дайындау жөнінде тапсырма берген".

Г. Марченконың айтуынша, банк заңнамасын бұзған адамдарға "қазіргі заңдағыдай банк саласында жұмыс істеуге 5 жылға ғана тыйым салмай, ондай жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салу қажет". "Яғни, ондай адамдар қандайбір қаржылық институтты банкроттыққа ұшыратқаны анықталса немесе қаржылық алаяқтығы үшін сотталған болса, банкте мүлдем жұмыс істемеуге және банк акцияларының ауқымды бөлігін иемдене алмауға тиіс", - дейді ол.

Сонымен бірге, Ұлттық банк басшысының айтуынша, заңды тұлғалардың да жауапкершілігін күшейту жағын ойластыру қажет. "Біз жеке тұлғалардың жауапкершілігін күшейту қажет және осы жайтты заңды тұлғалар үшін де ойластыру қажет дегенді ұсынып отырмыз, Қаржылық бақылау агенттігі бізбен ортақ пікірде", - деді Г. Марченко.

"Көрінеу теріс немесе заңсыз сауда-саттықтарды құрылымдаған институттар Қазақстаннан тысқары жерлерде өз сейфтерінде осы жөнінлегі құжаттарды ұстап отырды, олар оның заңсыздығын, оны қашан құрылымдайтындығын жақсы біліп отырды. Меніше, олар және осы сауда-саттықтардың немесе олардың егжей-тегжейінің қадағалаушыларға да, аудиторларға да, заңгерлерге де ашып көрсетілмегенін тамаша біліп отырды. Сол себепті осы жайтты жақсылап ойластырған жөн. Біздің қаржылық институттарға келешекте осындай қитұрқылықтарды қолдануға тыйым салу жағын қарастыру қажет", - деді ол.

"Мұндай жауапкершілікті тек жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да жүктеп алуы қажет. Бірақ бұның бәрі заңдық тұрғыдан мұқият ойластыруды талап етеді", - деді Г. Марченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны