23.12.2016, 21:04 4878

ҚР Ұлттық банкі "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамында жүргізіліп жатқан тексеру туралы хабарлады

Ұлттық банк зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеӊес мақұлдаған 2016 жылға арналған бағыттар бойынша ғана жүзеге асырады.

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today -2016 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкініӊ қатысуымен "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамыныӊ қызметіне тексеру жүргізілуде,- деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

"Тексеру БЖЗҚ акционерлік қоғамыныӊ меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылуда. "БЖЗҚ" АҚ-тыӊ меншікті активтері оныӊ капиталы және шаруашылық қызметініӊ нәтижелері есебінен қалыптастырылады."БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады",- делінген ҚР ҰБ таратқан хабарламада.

Азаматтардыӊ зейнетақы жинақтары "БЖЗҚ" АҚ-тыӊ балансынан бөлінген және бөлек ескеріледі. Ұлттық банк зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеӊес мақұлдаған 2016 жылға арналған бағыттар бойынша ғана жүзеге асырады.

Бұл ретте 2016 жылы зейнетақы активтерін экономиканыӊ нақты секторыныӊ жеке компанияларыныӊ қаржы құралдарына инвестициялау көзделмейді.

"Ұлттық банк құқық қорғау органдарыныӊ іс-әрекеттеріне түсінік беруге құқылы емес. Ахуалға құқықтық бағалау тексеру аяқталған соӊ және тиісті процессуалдық шешімдер шығарылғаннан кейін беріледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық банкініӊ анықтамалық ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 11 айдыӊ қорытындысы бойынша зейнетақы активтерініӊ кірістілігі 8,15%, бұл кезеӊдегі инфляция деӊгейі 7,5% мөлшерінде болды, бұл зейнетақы жинақтарыныӊ инфляциядан толық қорғалуын қамтамасыз етеді. Портфельдіӊ құрылымы, инвестициялық қызметі және кірістілік туралы жан-жақты ақпарат ай сайын "БЖЗҚ" АҚ-тыӊ сайтында (www.enpf.kz) жарияланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны