16.09.2015, 20:33 4814

ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады

Бүгін ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 16 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстанда валюта нарығына қатысушылардыӊ алыпсатарлық операцияларыныӊ салдарынан теӊгеніӊ айырбастау бағамыныӊ құбылмалылығы өсе түсуде. Ал оныӊ бұлайша құбылуына негіз болатындай іргелі макроэкономикалық факторлар объективті және елеулі тұрғыда өзгеріп жатқан жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылдыӊ 16-шы қыркүйегінен бастап, ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осылайша, ҚР Ұлттық Банкініӊ валюталық өктемдігініӊ көлемі 2015 жылдыӊ 16-шы қыркүйегінде 144 млн. АҚШ долларын құрады.

Айта кетелік, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаӊа ақша-кредит саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылдыӊ 20-шы тамызынан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және еркін өзгермелі айырбастау бағамына өту туралы шешім қабылдаған болатын.

Яғни, теӊгеніӊ айырбастау бағамы енді іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптасады. Бұл жерде ҚР Ұлттық Банкі теӊгеніӊ айырбастау бағамыныӊ нарықтық деӊгейініӊ қалыптасуына еш араласпайды, бірақ елдіӊ қаржы жүйесініӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық өктемдіктерді жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіндігі бар.

Естеріӊіге сала кетелік, валюта басқыншылығы (өктемділігі) - Ұлттық (орталық) банкініӊ өз елініӊ валюталық бағамын қолдау (тұрақтандыру) мақсатында шет елдік валютаны ірі көлемде сатып алу немесе сату операциялары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны