27.10.2015, 15:37 4021

ҚР Ұлттық банкі төлем карточкалары бойынша операцияларға қызмет көрсетуге арналған банкаралық инфрақұрылым құрады

Қазақстан Ұлттық банкі төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсетуге арналған ұлттық (банкаралық) инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға кірісті. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл шаралар отандық төлем нарығыныӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмысыныӊ тиімділігін арттыру үшін қажет

Астана. 27 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық банкі төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсетуге арналған ұлттық (банкаралық) инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға кірісті. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл шаралар отандық төлем нарығыныӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмысыныӊ тиімділігін арттыру үшін қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іске асырылып отырған бастама қазақстандық эмитенттердіӊ төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын операциялардыӊ қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондай-ақ бұл жоба республика ішінде банкаралық есеп айырысуларды өткізуді оӊтайландырып, Қазақстанда төлем карточкаларына қызмет көрсету шығындарын одан әрі төмендетуге септігін тигізбек.

Осы бастама шеӊберінде қазақстандық банктерге олардыӊ карточкалық операцияларын өӊдеу бойынша операциялық-клирингтік қызметтер көрсететін тәуелсіз төлем платформасы (жүйесі) іске қосылатын болады.

Бұл ретте банктер мен олардыӊ процессингтік орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру деӊгейінде операцияларды өӊдеу үшін банкаралық инфрақұрылым қалыптастырылады.

Клиенттерге ел ішіндегі операцияларыныӊ үздіксіздігі мен аяқталуына кепілдік бере отырып, олардыӊ өӊделуіне және банктер арасында өтуіне арналған жаӊа тетік енгізіледі. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде екінші деӊгейдегі банктер үшін жүйе қызметтеріне теӊ қолжетімділікті ("теӊ қашықтықта болу" қағидатын сақтау) қамтамасыз ететін әрі олардыӊ арасындағы тиімді бәсекелестікті дамыту үшін оӊтайлы жағдайлар жасалатын болады. Бұл жүйені "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкініӊ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК (ұлттық төлем жүйелерініӊ қазіргі операторы) базасында құру жоспарланып отыр.

Банктердіӊ жүйеге қатысуы еріктілік қағидатына негізделетін болады. Қажеттілік болған кезде екінші деӊгейдегі банктер басқа банктердіӊ клиенттеріне қызмет көрсету кезінде банкаралық төлемдер өткізудіӊ қазіргі арналарына қоса резервтік алаӊ ретінде жаӊа жүйе сервистерін пайдалана алады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, жаӊа жүйе келер жылдыӊ 3-ші тоқсанында іске қосылады.

2015 жылдыӊ соӊына дейін жүйеніӊ жұмыс істеу тәртібін және тетігін регламенттейтін қажетті нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны