30.09.2015, 13:54 7009

ҚР Ұлттық Банкі жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша өтемақы төлеуге өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты

ҚР Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеӊберінде банктердіӊ салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартқанын хабарлады

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеӊберінде банктердіӊ салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартқанын хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеӊберінде банктердіӊ салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартқанын хабарлайды. Бұл шешім теӊгедегі депозиттіӊ өтемақысына құқығы бар салымшыларды барынша көп қамту мақсатында, сондай-ақ банктердіӊ өтініші бойынша қабылданды", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күнніӊ соӊында салымшыныӊ екінші деӊгейдегі банктерде және "Қазпочта" АҚ-та теӊгеде ашылған депозиті болған жағдайда оған өтемақы төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теӊгеден аспауға тиіс.

Өтемақы төлеу жеке тұлғалардыӊ мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады.

Өтемақы алу үшін салымшы депозитті қайта ресімдеген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге депозитті арнайы шотта сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.

Салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны