20.09.2016, 18:14 4245

ҚР ұлттық экономика министрі әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасыныӊ өсуініӊ негізгі себептерін атады

Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасыныӊ өсуін ұстап тұру шаралары бойынша есеп берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасыныӊ өсуін ұстап тұру шаралары бойынша есеп берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ұлттық экономика министрлігі нарықтар теӊгеріміне талдау жүргізді, нәтижесінде ішкі нарықтағы әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасыныӊ өсуіне әсер ететін бірқатар себептер анықталды. Біріншісі - әлемдік нарықтардағы баға жағдаятыныӊ өзгеруі және ұлттық валютаныӊ әлсіреуі импорттық жеткізулерге тәуелді тауарларға әсер етті, олар бойынша отандық тауарларды тұтынудыӊ қамтамасыз етілуі 60%-дан төмен", - деді Қ. Бишімбаев.

Екінші себеп ретінде министр ағымдағы жылы табиғи монополиялардыӊ қызметтеріне тарифтердіӊ және ЖЖМ бағасыныӊ артуын атады.

"Үшіншіден, маусымдық ауытқудыӊ әсері. Жыл сайын тауардыӊ жекелеген түрлері бойынша қоймадағы қордыӊ азаюына байланысты олардыӊ бағасы құбылып тұрады. Бұл еӊ алдымен көкөністер: картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша. Баға, әдетте, мамыр-тамыз айларында көтеріледі. Төртіншіден, экспорттық жеткізудіӊ әсері. Еуразиялық экономикалық одақ аясында, Ресей мен Қырғызстанныӊ шекара маӊындағы бағалардыӊ өскен жағдайда ішкі нарықтағы тауарлар құны да көтеріледі. Бүгінгі таӊда жоғарыда аталған факторлар бағаныӊ өсуіне әсер етті, жыл соӊына дейін айтарлықтай өсім болмайды деп күтілуде", - деді Қ. Бишімбаев.

Министр азық-түлік бағасыныӊ өсуіне азық-түлік бағасыныӊ өсуімен күресуге арналған құралдар бар, атап айтқанда, өӊірлердегі тұрақтандыру қорларынан тауар интервенцияларын жүргізу екенін атап өтті.

2015-2016 жылдардағы тұрақтандыру қорларыныӊ жұмысын талдау көрсеткендей, олардыӊ әлеуеті тиісті деӊгейде жұмыс істемейді. Министр бағалардыӊ күрт өсуі азық-түлік тауарларыныӊ қорлары төмен өӊірлерге тән екенін айтты.

Бұдан өзге, Қ. Бишімбаев нарық субъектілерініӊ жосықсыздығына тоқталып өтті.

"Тауарлардыӊ үстеме бағалары 200% астамды құраған жағдайлар анықталды. Министрлік әлеуметтік мәні бер тауарларға бағаныӊ негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс жүргізуде. Монополияға қарсы орган ағымдағы жылдыӊ басынан бері 27 тексеру жүргізді, олардыӊ 12-сі аяқталды, 15 тексеру әлі жүргізілуде. Монополияға қарсы орган жүргізген тескерулердіӊ қорытындысы бойынша материалдық санкциялардыӊ жалпы сомасы монополиялық кірісті есептегенде шамамен 23 млн теӊгені құрады, оныӊ ішінде мемлекет бюджетіне 12 млн жуық теӊге түсті", - деп баса айтты Қ. Бишімбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны