27.09.2016, 12:28 3950

ҚР ұлттық экономика министрі Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралар туралы баяндады

Қ.Бишімбаев 2014-2016 жылдардағы жекешелендірудіӊ екінші толқыны объектілерініӊ жаӊартылған тізбесі 545 ұйымнан тұратынын айтты.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2015 жылы кәсіпкерлік секторында Yellowpagesrules қағидасын қабылдау үшін мемлекеттіӊ қатысуына шектеу жасау бойынша стратегиялық шешім қабылданғанын атап өтті (бәсекелестікті шектейтін мемлекеттік органдардыӊ іс-әрекеттеріне түскен тиімді бизнес қорғауды құруға бірқатар шаралар).

Аталған қағиданы жүзеге асыру үшін Үкімет мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар және үлестес тұлғалар іске асыра алатын іс-шаралардыӊ 271 түрін анықтады.

"Экономикада мемлекет қатысуыныӊ үлесін азайту үшін өткен жылдыӊ 30 желтоқсанында Үкімет 2016-2020 жылдарға есептелетін жаӊа кешенді жекешелендіру жоспарын қабылдады. Жеке секторға мемлекеттік активтерді беру кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға серпін береді", деп болжаған Қ.Бишімбаев 2014-2016 жылдардағы жекешелендірудіӊ екінші толқыны объектілерініӊ жаӊартылған тізбесі 545 ұйымнан тұратынын айтты.

Сонымен қатар, министр бизнес реттеуді жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмысы туралы айтып берді. Осы жылдыӊ басынан кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу Кәсіпкерлік кодексі арқылы жүзеге асырылады. Мамыр айынан бері өзін-өзі реттеу институты іске қосылды.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау үшін осы жылы рұқсат етілген құжаттар саны 50 пайызға дейін қысқартылды. Егер 2014 жылы рұқсат етілген құжаттар 1200-ден астам болса, бүгінде лицензиялар мен рұқсаттардыӊ 315 түрі заӊды түрде бекітілді", - деді Қ. Бишімбаев.

Министр сондай-ақ, "бір терезе" қағидаты бойынша рұқсат беру рәсімдерін оӊайлату үшін қосымша шаралар жыл соӊына дейін қабылданатынын айтты. Бұдан бөлек, биыл Парламентте талқыланатын салық салу және салық және кеден әкімшілігін жетілдіру үшін заӊ жобасы әзірленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны