13.02.2014, 19:20 4067

ҚР-да 2014 жылдың 1 мамырына дейін барлық реттелетін қызметтердің тарифі өзгертілмейді - М. Оспанов

"Бүгінгі таңда теңгенің доллорға шаққандағы бағамының өзгеруіне байланысты барлық реттелетін қызметтердің тарифі түзетілмейді. Тіпті, 2014 жылдың 1 мамырына дейін барлық реттелетін қызметтердің тарифі сол күйінде қалады", - деді М. Оспанов.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін барлық реттелетін қызметтердің тарифі өзгертілмейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов хабарлады.

"Бүгінгі таңда теңгенің доллорға шаққандағы бағамының өзгеруіне байланысты барлық реттелетін қызметтердің тарифі түзетілмейді. Тіпті, 2014 жылдың 1 мамырына дейін барлық реттелетін қызметтердің тарифі сол күйінде қалады", - деді М. Оспанов.

Оның айтуынша, девальвацияның қоммуналдық қызмет бағамынада әсері соншалықты болмайды деп күтілуде, себебі отандық өндірісті өзіміздің өнім көбіне қолданылады.

"Айта кетерлік жайт, электр, жылу, су мен көгілдір отынмен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифі мемлекетпен реттеліп, оның бақылауында болады. Тариф түскен өтініштердің нәтижесіне тікелей байланысты", - деп ол өз ойын түйді.

ТМРА басшысының айтуынша, реттелетін коммуналдық қызметтер саласында Үкімет ұсынған жоспарлы инфляция есебі есепке алына отырып өзгерістер жасалынатын болады.

"Өздеріңізге белгілі болғандай, жыл басында бізге 1-2% жоспар ұсынылған болатын. Ағымдағы жылы теңге бағамының тұзетілуіне қарамастан біз қарастырылып қойған инфляция салымы бойынша жұмысымызды жалғастырамыз", - деді М. Оспанов.

Сонымен қатар, М. Оспановтың мәліметтері бойынша тариф бағамын бірқалыпты сақтап қалу үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған, қажет болған жағдайда олар іске асырылатын болады.

"Аймақтарда тарифтерді тутынушылар тобы бойынша жіктеу жүргізіледі, ол өз кезегінде тұрғындар үшін тариф бағамын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Тіптен болмаған жағдайда кейбір инвестициалық бағдарламалар өздерінің маңыздылығы бойынша қайта қаралады. Негізі, олардың барлығы маңызы жағынан сараптамадан өтті. Алайда керек болған жағдайда біз осындай шара қабылдап, олардың кейбіреулерінің жүзеге асырылуын келер жылдың еншісіне қалдыруымыз мүмкін", - деп ТМРА басшысы өз ойын толықтырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны