28.01.2014, 19:31 5179

ҚР-да 2050 жылға қарай биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарлануда - Н.Қаппаров

Қазақстанда 2050 жылға қарай биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарлануда, деп мәлімдеді Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Үкімет отырысында.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда 2050 жылға қарай биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарлануда, деп мәлімдеді Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Үкімет отырысында.

"Басты мақсат қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін биологиялық қалдықтарды бөлек жинау тәсілін енгізу болып табылады. Өйткені олардың жиналған жерінде қалдықты метан газы бөлініп шығады. Оның зияны қоршаған ортаға айтарлықтай шығын әкеліп, ауа-райының өзгеруіне әсер етеді және қалдықтардың жануына себеп болады. Қазір биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткіші 10 пайызды ғана құраса, 2050 жылға дейін бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін арттырамыз деген мақсат қойып отырмыз", - деді Н.Қаппаров.

Оның айтуынша, бағдарлама тиісті аумақтың кірлеуінің алдын алып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өз кезегінде тиісті жерлерге бөлу үшін қоқыс тасушы мен конвейер парктерін жаңарту арқылы халықтың қызметке қол жеткізуінің пайыздық көрсеткішін арттыруды мақсат етеді.

Министрдің айтуынша, 2020 жылға дейін қоқыстардың қамтылуын 90 пайызға көтеру жоспарланып отырса, 2035 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деп күтілуде.

"Сонымен қатар, жинақталған материалдардың қалдықтарын жинау маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі таңда көптеген өндірушілер өз өнімдерін жинауға мән беруді. Атап айтар болсақ, сусын шығарушылар өз ыдыстары мен шыныларын қайта қабылдау арқылы аталыш бастаманы қолға алып отыр. Және де пластикалық бұйымдарды да қайта қабылдау қайта өңдеп, бірнеше қайтара қолдануға мүмкіндік бар екеніне көз жеткізіп отырмыз", - деді министр.

Айта кету керек, 2013 жылдың қазан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін қолға алуды тапсырған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны